jitsu gif
Қаржы

    Сапасыз жол: Қазақстанда 10 маман жұмыстан шығарылды

    Жол жөндеу жұмыстары
    Жол жөндеу жұмыстары. Көрнекі фото: pixabay.com

    "ҚазАвтоЖол" басшысы Дархан Иманашев Астанадағы брифингте сапасыз жол салғандар жазаланғаны туралы мәлімдеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Дархан Иманашевтің айтуынша, сапасыз жол салғаны үшін 136,3 млн теңге көлемінде айыппұл салынған.

    "2024 жылы мердігерлер төсеген жолдарда 2900 ақау анықталып, қазір соның 2700-і жөнделді. Қалғандары да жөнеліп жатыр. 255 жол құрылысының сапасын тексеру үшін 42 техникалық бақылау компаниясынан 489 маман тартылды. 2024 жылы сапасыз жұмыс үшін 136,3 млн теңге көлемінде айыппұл салынып, 10 маман жұмыстан шығарылды", - деді "ҚазАвтоЖол" басқарма төрағасы.

    Оның айтуынша, республикалық жолдарды жөндеу жұмысын дұрыс атқармаған сегіз мердігер компания сот шешімімен жосықсыз деп танылды.

    Бұған қоса, Иманашев Қазақстандағы ақылы жолдарға қатысты ереже дайындалып жатқанын мәлімдеді. Оның айтуынша, жол сапасы нашар болса, қазақстандықтар онымен жүріп өту ақысын төлемейді.

    Бұған дейін Алматы облысында сапасы сын көтермейтін жол үшін жауапты ұйымдарға 16 миллион теңге айыппұл салынған.

    Оның алдында Жамбыл облысындағы аудандардың бірінде жол жөндеу жұмыстары толық аяқталмаса да, әкімдер мердігерлерге қомақты қаржы аударғаны туралы жазбанбыз.

    Сапасыз жол: Қазақстанда 10 маман жұмыстан шығарылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.