jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Қосылған құн салығының жаңа мөлшерлемесі қашан белгілі болады: ұлттық экономика министрі жауап берді

    Серік Жұманғарин
    Серік Жұманғарин. Фото: t.me/aqorda_resmi

    Үкіметте өткен брифингте Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин қосылған құн салығының жаңа мөлшерлемесі алдағы айда белгілі болатынын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Серік Жұманғариннің айтуынша, алдымен тұтас мәселелер кешенін зерттеу қажет.

    "Біз мәселенің тұтас кешенін талқылауымыз керек, оны қаншалықты әкімшілендіре алатынымызды нақты түсіну керек (...).

    Екінші мәселе – еңбекақы қоры туралы. Біз санын қысқартқымыз келетін кей баптар бар; Егер бізге шығындар туралы кейбір баптарды қысқартуға рұқсат етілмесе, біз қосылған құн салығын көп көтермейміз, сондай-ақ жалақы қорының шығындарын азайтпаймыз. Мұны ескеру керек.

    Үшіншіден, бизнес өкілдерімен талқылауды әлі аяқтаған жоқпыз. Депутаттармен де сөйлесеміз.

    Болжамды мерзім – ақпанның 15-і мен 20-сы аралығында, бұл парламентке баруымыз керек соңғы мерзім (ҚҚС мөлшерлемесін өзгерту туралы ұсыныспен – ред.ескертпесі)", - деді Серік Жұманғарин.

    Еске сала кетейік, 28 қаңтарда Тоқаев қатысқан үкіметтің кеңейтілген отырысында премьер-министр Олжас Бектенов жұмыс берушілер үшін әлеуметтік салық пен зейнетақы жарнасын төмендетіп, қосылған құн салығын көтеруді ұсынды.

    Осы ретте премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин ҚҚС бойынша тіркеудің шегі жоғары екенін, яғни, қазіргі кезде ол – 78 млн теңге екенін айтты. Енді министрлік қосылған құн салығы шегін 15 млн теңгеге дейін төмендетуді ұсынып отыр. Соның есебінен қосымша 300 мың жаңа салық төлеуші пайда болады.

    Сондай-ақ вице-премьер Серік Жұманғарин Қазақстанда қосылған құн салығы көтерілгеннен кейін түпкі тұтынушы азық-түлік пен басқа да тауарлар бағасының өскенін сөзсіз сезінетінін айтты.

    Қосылған құн салығының жаңа мөлшерлемесі қашан белгілі болады: ұлттық экономика министрі жауап берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.