jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Қазақстанда екінші АЭС салу үшін тағы референдум өткізу қажет пе

    Атом электр станциясы
    Атом электр станциясы. Көрнекі фото: pixabay.com

    Үкіметте өткен брифингте журналистер Энергетика министрінен Қазақстанда екінші АЭС салу мәселесі бойынша шешім қабылдау үшін тағы бір референдум өткізу қажеттілігі туралы сұрады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    "Референдум өткізудің қажеті жоқ, заңға сәйкес, бұл АЭС үкіметтің шешімімен салынады", - деді Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев.

    Еске сала кетейік, бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысында премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстанда екінші атом электр стансасын салу аймағын анықтау ойластырылып жатқанын мәлімдеген болатын.

    Баяндаманы тыңдаған президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы бірінші атом электр стансасының құрылысын жеделдетуді, сондай-ақ екінші АЭС салынатын орынды анықтауды тапсырды.

    Қазақстанда екінші АЭС салу үшін тағы референдум өткізу қажет пе

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.