jitsu gif
Қаржы

    Қазақстанда биыл қосымша 4 мың шақырым ақылы учаскені іске қосу жоспарланып отыр

    тасжол
    Тасжол. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Биыл елімізде қосымша 4 мың шақырым ақылы учаскені іске қосу жоспарланып отыр. Бұл туралы үкімет отырысында көлік министрі Марат Қарабаев мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Үкімет отырысында көлік министрі Марат Қарабаев ақылы жолдардан түсетін табыстың айтарлықтай өскені туралы баяндады.

    Оның айтуынша, 2024 жылы түсім сомасы 48 млрд теңгеге жеткен. Биыл қосымша 4 мың шақырым ақылы учаскені іске қосу жоспарланып отыр, бұл кірісті 60 млрд теңгеге дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Келесі жылы бұл көрсеткіш 100 млрд теңгеге дейін өсуі мүмкін.

    "Бұл ретте, осы ақылы жолдардан түскен қаражаттың бір бөлігін құрылыс жұмыстарына алынған қарыздардың пайыздық мөлшерлемелерін өтеуге жұмсау мәселесі қарастырылып жатыр", - деді министр.

    Министрдің мәліметінше, бюджетке түсетін жүктемені азайту әрі өзін-өзі ақтау мақсатында реконструкциялау және жөндеу жұмыстары аяқталған учаскелерде "ақылы жол" мәртебесін кезең-кезеңімен енгізу жалғасып жатыр. Қазіргі уақытта бүкіл еліміз бойынша ұзындығы 3,2 мың шақырым ақылы жол жүйесі жұмыс істейді.

    Айта кетейік, бұған дейін көлік министрі республикалық жолдар қашан 100 пайыз интернетпен қамтамасыз етілетінін айтқан еді.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.