jitsu gif branding logo appbranding logo app
Қаржы

    Астанада 8 наурызға орай қанша әйелге біржолғы әлеуметтік төлем беріледі

    Ақша
    Ақша. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай елордада 34 мыңға жуық көпбалалы ана біржолғы әлеуметтік төлем алады. Бұл туралы Астана әкімдігі ресми сайтында хабарлады.

    Әкімдік ақпаратынша, 8 наурыздың құрметіне Астана қаласының көпбалалы отбасыларына, көпбалалы аналарға, оның ішінде аз қамтылған аналарға, жалпы 34 мыңға жуық әйелге 2,5 АЕК (9230 теңге) мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек төленеді.

    Төлем "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" Коммерциялық емес акционерлік қоғамының Әлеуметтік төлемдер орталығының тізімдері негізінде Астанада тіркелген және тұрақты тұратын көпбалалы отбасыларға, көп балалы аналарға, оның ішінде аз қамтылған аналарға жүргізіледі.

    Айта кетейік, Қарағанды облысында 8 наурыз қарсаңында халықтың әлеуметтік осал топтарына кіретін 21 861 әйел біржолғы төлем алады.

    Ал Ақтауда 8 наурызда қыз-келіншектер қоғамдық көліктерде тегін жүреді.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.