jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    53 жаста зейнетке шығу: Еңбек министрлігі өкілдері депутаттың ұсынысына қатысты жауап берді

    Ақша санап отырған зейнеткер
    Зейнеткер. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Мәжілісмендер бұған дейін ерекше қажеттіліктері бар азаматтардың зейнет жасын 53 жасқа дейін төмендетуді ұсынған болатын. Еңбек министрлігі өкілдері мұндай мүмкіндік қарастырылып жатқан-жатпағанына қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    "(Зейнеткерлік жасты – ред. ескерт.) 53 жасқа дейін қысқарту туралы ұсыныстар бар. Былтыр депутаттармен талқыладық. Бірақ жалпы алғанда: мұндай балаларға ата-аналары күтім жасайды, балаларында ауыр формадағы мүгедектігі бар болса, олар сондай-ақ жұмыс істеу мүмкіндігінен айырылады, өйткені бала үнемі күтімді қажет етеді, бірақ нақты шешім жоқ", - деді Асқарбек Ертаев.

    Ол сондай-ақ осы санаттағы азаматтардың зейнетақысы мен жәрдемақысының мөлшерін арттыру қаншалықты мүмкін екеніне де тоқталды.

    "Министрлік сарапшылармен талқылап жатыр. Зейнетақы немесе жәрдемақыны көбейту үшін есеп-қисап керек, заңдарға түзетулер енгізілуі қажет. Біз бұл мәселені қарастырған жоқпыз. Бірақ мәжіліс қабырғасында да, сенат қабырғасында да талқылаулар жүріп жатыр. Біз де қатысып жатырмыз, бірақ нақты шешім жоқ. Десе де талқылау жүріп жатыр", - деді ол.

    Еске салайық, былтыр қарашада мәжіліс депутаты Динара Наумова қазақстандықтардың кейбір санаттарына 53 жастан зейнетке шығуға рұқсат беруді ұсынған болатын. Депутат жұмыс істейтін мүгедектігі бар азаматтарға зейнетке 53 жаста шығуға, сондай-ақ мүгедектігі бар балаларды бағып отырған ата-аналарға қосымша демалыстар енгізе отырып, зейнетке 53 жаста шығуға рұқсат беру туралы ұсыныс айтқан еді.

    53 жаста зейнетке шығу: Еңбек министрлігі өкілдері депутаттың ұсынысына қатысты жауап берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.