Қаржы

Зектілері

Энергетика министрі бастапқыда жанармай тек 5 теңгеге қымбаттайтынын болжады

Жарияланған күні:

Читать на русском
жанармай бекеті
Жанармай бекеті. Көрнекі сурет: pixabay.com

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев ведомствода өткен брифингте жанар-жағармай бағасын мемлекеттік реттеуді алып тастағаннан кейін Қазақстанда бензиннің құны қандай болатынын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Жалпы, нарық жағдайды өзі реттейді деп күтеміз. Мұнай өнімдері бағасының өсуіне жол бермеу үшін мемлекет шектеуші ретінде әрекет ететін болады. Бұл ырықтандыру үдерісін білдіреді. Мемлекетте барлық қажетті тетік бар. Өздеріңіз білесіздер, монополияға қарсы агенттік қандай да бір желі жоғары монополиялық кіріс ала бастаса, тергеуді бастай алады.

Біздің болжам бойынша, алғашқы өсім 5 теңгеден аспайды. Біз нарық қатысушыларын осы көрсеткішке бағыттаймыз. Әрі қарай бағаның тым күрт өсіп жатқанын көрсек, әрбір жағдайға шұғыл түрде әрекет ететін боламыз", - деді энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев.

Энергетика министрі мұнай өңдеу және мұнай өндіру салаларына инвестиция тарту қажеттілігін ескере отырып, елімізде жанар-жағармай бағасының өсуін болдырмау мүмкін емес екенін атап өтті. Сондай-ақ Қазақстан бюджетін толықтыру да мақсаттардың бірі екенін алға тартты.

Министрден жанармай құю станциялары бағаны қаншалықты жиі көтере алатынын сұрағандар болды.

"Мінсіз сценарий жоқ. Жанар-жағармай құю станциялары өз экономикасына сүйенеді. Кез келген мұнай өнімінің құны бірнеше құрамдас бөліктерден тұрады - мұнай, өңдеу, тасымалдау, сақтау және жанармай құю станциясындағы шығындар", - деді Алмасадам Сәтқалиев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/economy/2216309-energetika-ministri-bastapqyda-zhanarmai-tek-5-tenggege-qymbattaitynyn-bolzhady/