"Адамдарды алмастырады": Алматыда адам мен ит кейпіндегі роботтар назарға ұсынылды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Digital Almaty форумында өткен цифрлық жобалар көрмесінде ит, даяшы, адам кейпіндегі роботтар мен футбол ойнайтын роботтар назарға ұсынылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Іс-шараның нағыз "жұлдыздары" адам кейпіндегі роботтар болды - олар жүре алады, қол алысады, қол бұлғайды. Бұл роботтардың басқа да әрекеттер жасауға қабілеті бар болып шықты.

"Бұл Қытайда жасалған роботтар. Қазақстанда олар үшін программалық кодтар жазылады, іске қосу, іс-шараларға және түрлі бизнес түрлеріне қарай оңтайландыру жүзеге асырылады. Олар адамдар сияқты жүруді, барлығымен амандасуды, қоштасуды біледі. Жақында сөйлей алатын болады. Бұл үшін оларда жақсы процессорлар бар. Оларға сөйлесуге, ChatGPT-ке қосылуға мүмкіндік беретін жаңа микробағдарлама орнатылады.

Робот жақын жерде жүріп, кейбір ақпаратты айта алады. Болашақта олар адамдарды алмастырады - біріншіден, бұл ауыр жұмысқа қатысты, құрылыс алаңдарында олар барлығын алмастырады, олар біздің ханымдарға ауыр сөмкелерді көтеруге және жабдықты тасымалдау функцияларын орындауға көмектеседі. Оларды күнделікті өмірге интеграциясы жеңіл болуы үшін әдейі адам кейпінде жасаған", - дейді осы роботтарды сататын компанияның өкілі Азамат Казенов.

Адам кейпіндегі роботтан бөлек қызмет көрсететін робот немесе робот даяшы да бар. Айтпақшы, бұл роботтар қазірдің өзінде Алматы мен Астананың кейбір сауда орталықтарында, сондай-ақ мейрамханалар мен супермаркеттерде тазалаушы ретінде пайдаланылады.

Көрмеде робот-иттер де көптің назарында болды. Олар белгілі бір пәрмендерді орындап, тіпті ауада артқы аяғымен жүрек формасын көрсете біледі.

Азамат Казеновтың айтуынша, мұндай иттер адам үшін қауіпті болуы мүмкін шахталарда қолданылады. Олар үлгілерді алып, кез келген жерде жүре алады. Кейбір қазақстандық компаниялар бұл мүмкіндікті пайдаланып жатыр, деді спикер.

Оның үстіне қазақстандықтар тамақтандыруды қажет етпейтін, күтіп ұстауға оңай робот иттерді үй жануарлары ретінде де сатып алып жатыр. Электронды иттерді белгілі бір уақытта аймақты патрульдеу және басқа да командаларды орындау үшін бағдарламалауға болады.

Сонымен қатар көрмеге Қытайдан адамдармен сөйлесе алатын, бірнеше тілде ақпарат беретін робот Agibot әкелінді.

Футбол ойнай алатын шағын роботтар да көптің назарына ұсынылды. Шын мәнінде, олардың функциялары кеңірек - роботтар билей алады, жүгіреді, түстерді бақылай алады - бұл оларға белсенді ойын ойнауға мүмкіндік береді. Мұндай роботтар мектептерге пайлады болмақ, бірақ кейбір бағдарламалау арқылы оларды үйде практикалық мақсаттарда да қолдануға болады.

Экспонаттар арасында баскетбол ойнайтын робот бар. Дегенмен оны жабдықталуына қарай өзге мақсатта қолдануға болады. Мысалы, қазақстандық автокөлік өндірушілердің бірі оны бөлшектерді дәнекерлеу үшін пайдаланады. Бірақ ол әлі де нағыз баскетболшылардың орнын баса алмайды, өйткені жүгіре алмайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2216888-adamdardy-almastyrady-almatyda-adam-men-it-keipindegi-robottar-nazarga-usynyldy-foto-video/