jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    100-ден астам қазақстандық қаржы пирамидасының салдарынан сан соғып қалды (видео)

    Ақша
    Көрнекі фото: pixabay.com

    Павлодар облысында жүзден астам азамат қаржы пирамидасына кіріп кеткен. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігі хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Ведомствоның мәліметінше, қаржы пирамидасының белгілері бар "Лидер Капитал 168" ШҚҰ ЖШС қызметі тоқтатылған. Серіктестік бір жылдан аз уақыт бұрын Павлодар облысында құрылған.

    Агенттіктің хабарлауынша, қысқа уақыт ішінде ұйымдастырушылар салым сомасынан ай сайын 10% мөлшерінде табыс табуға болатынын айтып, жүзден астам азаматты қатарына қосқан.

    "Қазіргі уақытта алаяқтық схеманың басқа да құрбандары анықталып жатыр. Қаржы пирамидасын құру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - дейді Қаржы мониторингі аагенттігінің баспасөз қызметі.

    Сонымен бірге ведомство қазақстандықтарға үндеу жасап, Ұлттық банктің мәліметіне сәйкес, екінші деңгейлі банктер мен лицензиясы бар ұлттық пошта операторлары ғана ел тұрғындарынан қаражат тарта алатынын еске салды.

    Агенттік күмәнді компанияларға ақша салмауға шақырып, "Лидер Капитал 168" ШҚҰ ЖШС-не қаржы салғандарды сенім телефонына хабарласуын сұрайды: 8 (7182) 61-33-05, 8 702 816 01 81.

    Еске сала кетейік, бұған дейін қызылордалық полицейлер жергілікті тұрғынның сеніміне кіріп, құны 400 мың теңге тұратын телефонды несиеге алғызған алаяқ әйелді ұстаған еді.

    Сондай-ақ желі арқылы алаяқтықпен айналысқан деген күдікпен 1992 жылы туған Алматы облысының тумасы мен 25 жастағы Алматы қаласының тұрғыны ұсталған болатын.

    100-ден астам қазақстандық қаржы пирамидасының салдарынан сан соғып қалды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.