Қаржы

Зектілері

Астанада LRT учаскесіндегі рельс жолының алғашқы 500 метрі төселді

Жарияланған күні:

LRT құрылысы
Астанадағы LRT. Фото: instagram.com/cts_kz

Астанада жеңіл рельсті көлік (LRT) желісінің тәжірибелік учаскесінде алғашқы 500 метр рельсті төсеу жұмыстары аяқталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ City Transportation Systems (CTS) компаниясының мәлімдемесіне сілтеме жасап хабарлайды.

"№116 және №117 станциялар арасындағы эстакада бөлігінде рельс жолының алғашқы 500 метрі төселді. Бұл сынақ кезеңі қыс мезгілінде LRT инфрақұрылымына ауа райының әсерін зерттеуге мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.

Компания мәліметінше, рельс жолы арматуралық жақтау, шпалдар, рельстер және бекіткіштерден тұрады.

CTS мәліметінше, эстакада ұзындығы – 22,4 км. Оның бойына қос жол салынады, сол арқылы пойыздардың қауіпсіз әрі тиімді қозғалысы, техникалық қызмет көрсету жеңілдетіледі.

Жолды төсеу заманауи технологияларды қолдану арқылы іске асырылады:

  • Стандартты жол ені – халықаралық стандарттарға сай 1 435 мм.
  • Рельстерді жіксіз төсеу пойыз дөңгелектерден шығатын шу мен дірілді азайтады.
  • Алдын ала кернелген шпалдар жарылып кетуден қорғалған, аязға және қардың еруіне төзімді.

Компания қыс мезгілінде қажет материалдарды дайындауды жалғастырып, күн жылығанда эстакаданың барлық ұзындығына рельстер төсеу жұмыстарын бастайтынын мәлімдеді.

LRT желісінің рельс төсеу жұмыстары 2025 жылы толық аяқталады деп жоспарланып отыр.

Бұған дейін Астанада LRT құрылысы бойынша жұмыстарға байланысты Сығанақ көшесі бойынша қозғалыс толығымен шектелгенін жазған болатынбыз.

Қала әкімдігі Астанадағы LRT желісі станцияларының темірбетонды негізгі құрылыстары 100 пайыз аяқталғанын хабарлаған болатын. Жұмыстар аясында монолитті қаңқалар, көтергіш арқалықтар, платформалардың темірбетонды конструкциялары, ригельдер және басқа да элементтер салынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/personal/2196770-astanada-lrt-uchaskesindegi-rels-zholynyng-algashqy-500-metri-toseldi/