Бір түнге 1,5 миллион теңге: Алматыда Жаңа жыл қарсаңында үйлерді жалға алу қанша тұрады (фото)
Жарияланған күні:

Алматыда Жаңа жыл қарсаңында үйді жалға алу құны миллион теңгеден асып кеткен. Солардың арасында ең қымбат бес үйдің бағаларын және сипаттамаларын ұсынамыз. Толығырақ KAZ.NUR.KZ материалында.
Біздің редакция krisha.kz сайтында жарияланған жаңа жылды тойлауға арналған ең қымбат бес үйдің тізімін жасап шықты.
1-орын: Шымбұлақтағы шале – 1,5 миллион теңге
Шале тау шаңғысы лифтінен бес минуттық жерде орналасқан және сегіз адамға арналған. Үйде:
- Үш жатын бөлме;
- Екі жуынатын бөлме (ванна және душ);
- Ас үйде электр плитасы, пеш, микротолқынды пеш, ыдыс жуғыш машина және басқа қажетті жабдықтар бар.

Жаңа жыл түніне жалға алу құны – 3000 доллар (шамамен 1,5 миллион теңге), бірақ шале алдын ала брондалып қойған.
2-орын: Бутаковкадағы апартамент – 1,2 миллион теңге
Бұл апартаменттің стандартты күндердегі бағасы – 600 мың теңге. Алайда Жаңа жыл түнінде құны екі есе артып, 1,2 миллион теңгеге жеткен. Бұл үйде:
- Бес жатын бөлме;
- СПА аймағы (бу бөлмесі, хаммам, бассейн);
- Караоке және бильярд;
- Үлкен асхана (20-25 адамға арналған) бар.

Сипаттамаға сәйкес, әр бөлме заманауи жабдықтармен қамтылған. Бұл апартамент те алдын ала брондалып қойған.
3-орын: Алма-Арасан маңындағы үй – 1 миллион теңге
Үшінші орында Алма-Арасан шатқалының маңында орналасқан үй. Жаңа жыл түнінде миллион теңгеге қонақтар кәсіби дыбыс жабдығы мен ашық жарықпен жабдықталған екі залды пайдалана алады. Сондай-ақ онда 10-12 көлікке арналған тұрақ қарастырылған, бірақ үйде ұйықтайтын орын жоқ.

4-орын: Каменское платодағы үй – 800 мың теңге
Көк-Төбеге жақын орналасқан бұл үйде:
- Бес жатын бөлме;
- Алты жуынатын бөлме;
- Спорт алаңы, ағаш монша, барбекю алаңы бар.

Үй 15 адамға арналған. Қосымша қызметтер ретінде аспаз, ыдыс жуушы қызметтері ұсынылады.
5-орын: 750 мың теңгелік үй
Тізімдегі ең "арзаны" – Жаңа жыл қарсаңында 750 мың теңге тұратын үй болды. Ғимарат 500 шаршы метр аумақты алып жатыр, 40 қонақты қабылдай алады.
Бұл бағаға:
- Бес жатын бөлме;
- Банкеттер өткізуге арналған алаң;
- Караоке, проектор және түрлі-түсті жарық жүйесі кіреді.

Хаммам, ағаш монша және бильярд қосымша ақыға беріледі.
Былтыр Алматыда Жаңа жылға орай үйді 80 мыңнан 1,5 миллион теңгеге дейінгі бағаға жалға алуға мүмкін болатын. Өткен жылдың өзінде арзан жалдамалы үйлер саны азайған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/personal/2199999-bir-tunge-1-5-million-tengge-almatyda-zhanga-zhyl-qarsangynda-eng-qymbat-uilerdi-zhalga-alu-quny-qansha-foto/