Қаржы

Зектілері

Honda мен Nissan бірігіп, әлемдегі ірі автогигантқа айналмақ

Жарияланған күні:

Nissan, Honda және Mitsubishi басшылары
Nissan, Honda және Mitsubishi басшылары. Фото: Kyodo News via Getty Images

23 желтоқсан, дүйсенбіде Honda және Nissan компаниялары күш біріктіріп, әлемде өндіріс көлемі жағынан үшінші ірі гигантқа айналу жоспарын жариялады. Mitsubishi де интеграция туралы келіссөздерге қосылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ CNN телеарнасына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Жапон компаниялары дүйсенбі күні өзара сенім меморандумына қол қойды. Бұған қоса, тағы бір шағын жапон автокомпаниясы – Mitsubishi Motors интеграция жөніндегі келіссөздерге қосылуға келісті.

Honda президенті Тосихиро Мибенің мәлімдеуінше, Honda мен Nissan бірлескен холдинг аясында бірігуге талпынады. Әуелі жаңа басшылыққа Honda жетекшілік етіп, әр компанияның брендері мен ұстанымдарын сақтайды. Түпкі мақсат – 2026 жылғы тамызға қарай бірігу жұмысын аяқтау.

Мибенің айтуынша, ресми келіссөздер енді ғана басталған, сол себепті ақша туралы айтуға әзірге ертерек.

Компаниялардың өзара бірігуі нәтижесінде капиталы 50 миллиард доллардан асатын гигант дүниеге келеді. Бұл оларды әлемнің автонарығында үшінші орынға көтерілуіне мүмкіндік береді. Honda мен Nissan бірлескен холдингі, олармен альянс құрған француз Renault SA, бұған қоса Mitsubishi Motors Corp. – осылардың бәрі Toyota Motor Corp. және Volkswagen AG гиганттарымен бәсекеге түсе алады.

Тойотаның Mazda Motor Corp. және Subaru Corp секілді технологиялық әріптестері бар.

Honda мен Nissan біріккен күннің өзінде, 2023 жылы 11,5 млн автомобиль шығарған Тойота Жапонияда әлі де бірінші орында қала береді. Себебі үш шағын компания біріккен уақытта, олар жылына шамамен 8 млн автомобиль шығара алады. Мәселен, 2023 жылы Honda – 4 млн, Nissan – 3,4 млн, ал Mitsubishi Motors шамамен 1 млн автомобиль шығарған.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін біз Honda мен Nissan бірігу үшін келіссөз жүргізіп жатқан, автонарықтағы екі жапон титанының мұндай қамдамға баруына не себеп болғанын жазғанбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/personal/2203812-honda-men-nissan-birigip-alemdegi-iri-avtogigantqa-ainalmaq/