Қаржы

Зектілері

Жеңіс күніне орай шымкенттік ардагерлерге қаржылай көмек көрсетіледі

Жарияланған күні:

Ардагер
Ардагер. Иллюстрациялық фото: Aziz Karimov/Getty Images

Шымкентте ардагерлерге 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр – Жеңіс күніне орай бір реттік қаржылай әлеуметтік көмек көрсетіледі. Бұл туралы қала әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ведомствоның мәліметінше, ардагерлерге көрсетілетін көмек Шымкент қаласы мәслихатының 2024 жылғы 19 наурыздағы №14/123-VIII шешімі негізінде жүзеге асырылады.

Жеңіс күніне орай ардагерлерге мынадай көмек көрсетіледі:

  • ҰОС ардагерлеріне теңестірілген 166 ардагерге берілетін көмек 45 АЕК немесе 176 940 теңге. Қаралған жалпы сома 29,4 млн теңге.
  • ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне берілетін көмек 1272 АЕК немесе 5 001 504 теңге. Бұл көмек 2 адамды қамтиды, жалпы сома 10,0 млн теңге.
  • Тыл еңбеккерлері мен марапатталмаған ардагерлерге берілетін көмек 15 АЕК немесе 58 980 теңге. Бұл топта 1586 адам бар, бөлінетін қаражат көлемі 93,5 млн теңге.
  • ҰОС мүгедектерінің жесірлеріне берілетін көмек 15 АЕК немесе 58 980 теңге. 70 адам, жалпы сома 4,1 млн теңге.
  • Қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 15 АЕК немесе 58 980 теңгеден беріледі. 170 адам, бөлінетін қаражат 10,0 млн теңге.

Жалпы алғанда, 1994 адамға мерекеге орай берілетін бір реттік әлеуметтік көмектің жалпы сомасы 147,1 млн теңгені құрайды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай ҰОС ардагерлеріне 5 млн теңге көлемінде біржолғы материалдық көмек көрсету жоспарланып отырғанын хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/personal/2234025-zhengis-kunine-orai-shymkenttik-ardagerlerge-qarzhylai-komek-korsetiledi/