Дмитрий Медведев Алматыға ұшып келді
Опубликовано:
Ресейдің премьер-министрі Дмитрий Медведев Алматыға ұшып келді деп хабарлайды Вести.ру сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ресей үкіметінің басшысы Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысына қатысуы тиіс.
Сонымен қатар, премьер Еуразияның инновациялық экожүйесіне арналған форумның делегаты болады.

Айта кетейік, оның Қазақстанға келетіні туралы ақпарат жақында ғана белгілі болған.
Одан бөлек, екі күн бұрын "Шымбұлақтың" ақпан айына дейін жабылатыны жайында айтылған.
Жабудың ресми себебі оқу-жаттығу деп аталды. Өз кезегінде алматылықтар курорттың жабылуы басқа елдерден бірінші тұлғалардың келуіне байланысты деп болжаған еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1776272-dmitrij-medvedev-almatyga-syp-keldi/