Тоқаев қазақ тілі ұлтаралық тілге айналу қажеттігін қадап айтты
Опубликовано:
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына алғашқы жолдауында қазақ тілінің мәртбесін өсіру қажеттігін атап өтті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Тағы оқыңыздар:
Тоқаев бейбіт шеру өткізуге рұқсат беруді тапсырды>>
Тоқаев: Келелі мәселелер көшеде емес, парламентте шешілуі тиіс>>
Тоқаев педофилдер мен сексуалды зорлық көрсеткендерге жазаны күшейтуге пәрмен берді>>
"Қазақ тілінің мәртебесі мемлекеттік тіл ретінде күшейіп келеді. Ол ұлтаралық қатынас тілі болатын кезең келіп жетті. Алайда ол үшін бәріміз бірігіп жұмыс істеуіміз керек", - деді президент.
Сондай-ақ Тоқаев өз сөзінде браконьерліктің белең алып кеткенін жеткізді.
"Браконьерлік тамырын жайып келеді. Үкіметке жауапкершілікке тарту мәселесін күшейтуді тапсырамын", - деді президент.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1813986-tokaev-kazak-tili-ltaralyk-tilge-ajnalu-kazettigin-kadap-ajtty/