jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Ең жас әйелдерден құралған Финляндия үкіметі туралы не білеміз

    : Facebook

    Жақында ғана ең жас премьер-министр атанған 34 жастағы финляндиялық Санна Марин туралы әлемдік БАҚ жарыса жазды. Белгілі болғандай бұл елде Финляндия үкіметінің басшысы ғана емес, жасы енді отыздан асқан әйелдер де министр қызметін атқарады деп хабарлайды

    KAZ.NUR.KZ.

    Финляндияның үкімет мүшелері. Фото: twitter.com/Segozavr
    Финляндияның үкімет мүшелері. Фото: twitter.com/Segozavr: Facebook

    Мұндай ақпаратты Twitter әлеуметтік желісінде Сергей Гурьянов есімді қолданушы жариялаған.

    "Финляндия үкіметінің мүшелері. Білім министрі Ли Андерсон (32 жаста), қаржы министрі Катри Кулмуни (32 жаста), премьер-министр Санна Марин (34 жаста), Ішкі істер министрі Мария Охисало (34 жаста)", - деп жазды Сергей Гурьянов.
    Финляндия үкіметінің мүшелері. Фото: twitter.com/KatriKulmuni
    Финляндия үкіметінің мүшелері. Фото: twitter.com/KatriKulmuni: Facebook

    Енді елдегі білім, қаржы және елдің қауіпсіздігіне жауап беретін салалардың тізгінін ұстаған нәзік жандыларға жеке-жеке тоқталсақ.

    Білім министрі Ли Андерсон - 1987 жылы туған саясаткер, "Сол жақ одақ" (Левый Союз) партиясының төрағасы, 2015 жылдан бастап Финляндия парламентінің депутаты болған, Турку қалалық кеңесінің мүшесі.

    Қаржы министрі Катри Кулмуни - 1987 жылы өмірге келген саясаткер, "финляндиялық орталық" партиясының төрағасы. 2019 жылдың 12-қыркүйегінен бастап премьер-министрдің орынбасары, сондай-ақ, парламент депутаты болған.

    Ішкі істер министрі Мария Охисало - 1985 жылы дүниеге келген саясаткер, "Жасыл одақ" партиясының төрағасы. 2019 жылдың 14-сәуірінен бастап парламент депутаты болған.

    Ал әлемдегі ең жас премьер-министр атанған Санна Марин - 1985 жылы туған саясаткер, 2015 жылдан бастап парламент депутаты, "Социал-демократия" партиясының мүшесі. Сондай-ақ ол көлік және байланыс министрлігіне жетекшілік еткен.

    Ең жас әйелдерден құралған Финляндия үкіметі туралы не білеміз

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.