Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Назарбаев "Nur Otan" партиясы саяси кеңесінің бюросын шақыру туралы қаулыға қол қойды

Опубликовано:

Нұрсұлтан Назарбаев
Фото: Elbasy.kz

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Nur Otan" партиясы саяси кеңесінің бюросын шақыру туралы қаулыға қол қойды деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы.

Бұл туралы "Nur Otan" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

"Елбасы, партия лидері Нұрсұлтан Назарбаев "Nur Otan" партиясы Саяси кеңесінің Бюросын 2020 жылғы 24 қарашада шақыру туралы қаулыға қол қойды", - деді ол.

Еске сала кетейік, Елбасының төрағалығымен бұған дейін "Nur Otan" партиясы Саяси кеңесі бюросының отырысы 28 тамызда өткен болатын.

Басқосуда бюро мүшелері "Nur Otan" партиясының 7 серпіні – Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам" атты партия жұмысын қайта жандандыру бағдарламасын жүзеге асыру барысын және партияның ішкі іріктеуін өткізу мәселесін талқылаған еді.

Отырыс барысында тұңғыш президент "Nur Otan" партиясының қоғамды жұмылдырудағы және елдің одан әрі дамуын қамтамасыз етудегі маңызды рөлін атап өткен болатын.

Сонымен қатар Елбасы 30 қазанда Түркияның Измир провинциясында болған жер сілкінісіне байланысты Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдаған еді.

Тұңғыш президент табиғи апат салдарынан тұрғындардың зардап шегіп, қаза болғаны туралы суыт хабарды күйзеліспен қабылдаған. Елбасы бауырлас түрік халқының бұл ауыртпалықты сабырмен еңсеретініне сенім білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1882558-nazarbaev-nur-otan-partiasy-saasi-keesini-burosyn-sakyru-turaly-kaulyga-kol-kojdy/

pixel