Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

АҚШ-тағы президент сайлауы: Алғашқы нәтижелер шықты

Опубликовано:

Ту
Көрнекі фото: pixabay.com

АҚШ президентін сайлау бойынша дауыс берудің алғашқы нәтижелері жарияланды. Бүгінгі таңда қазіргі президент Дональд Трамп бірқатар штаттарда көш бастап тұр.

Батыс бұқаралық ақпарат құралдары АҚШ-тың бірнеше штатындағы сайлау учаскелеріндегі дауыстарды санаудың алғашқы нәтижелерін жариялады.

Fox News хабарлағандай, қазіргі президент Дональд Трамп Индианада (Байден - 29,7 пайыз, Трамп - 68,6 пайыз дауыс) және Нью-Гэмпширде (Трамп - 61 пайыз дауыс, Байден - 38,5 пайыз дауыс) көш бастаған.

Сонымен қатар президенттік сайлауда шешуші штат болып табылатын Флоридада президенттіке күрес қызу жүріп жатыр. Қазір ол жерде бюллетеньдердің 43 пайызы саналған. Көшбасшылық Трамп пен Байден арасында алма-кезек ауысып жатыр.

Байден Кентукки штатындағы дауыстар саны бойынша уақытша көш бастап тұрды, бірақ көп ұзамай Трамп тағы да оны шаң қаптырғаны белгілі болды.

Республикашылдардан кандидат Оңтүстік Каролина мен Джорджия штаттарында да көш басына жайғасқан.

Вирджиния штатында Трамп жалпы халықтық дауыс беруде көшбасшы болғанына қарамастан, сайлаушылар дауыстың көп бөлігін Байденге берген. Байденді Вермонт тұрғындары мен сайлаушылары ұнатқан.

Қазіргі уақытта Джо Байденнің дауыс берген сайлаушылар саны бойынша көш бастап тұрғанын атап өткен жөн (16-ға қарсы 13).

Барлық сайлау учаскелерінде дауыстарды санау жалғасуда.

Еске салайық, АҚШ-та болашақ президентке дауыс беру 3 қарашада ресми түрде басталды.

Ал британдық кәсіпкер Дональд Трамптың сайлаудағы жеңісіне 5 миллион доллар бәс тігіп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1882939-aks-tagy-sajlaudy-algasky-ntizeleri-pajda-boldy/

pixel