RU

АҚШ-тағы президент сайлауы: Байден бірнеше штатта көш бастады

Джо Байден
Фото: Rick Loomis / Getty Images

АҚШ президенттігіне үміткер Джо Байден Флоридада дауысты алдын ала санау нәтижелері бойынша алға шықты. Бұл штатта Трамп пен Байден арасындағы талас қыза түсті деп хабарлайды ВВС.

Флоридадағы сайлау нәтижелері Дональд Трамп пен Джо Байден арасындағы бәсекенің қарқынды жүріп жатқанын аңғартады.

Дауыстардың 73% -ы саналған Флоридада демократиялық партиядан үміткер Джо Байден 51 пайыз, Дональд Трамп 48 пайыз дауыс жинаған.

Дауыс беру тағы үш штатта - Джорджия, Огайо және Солтүстік Каролинада тоқтатылды.

Сонымен қатар CNN-нің хабарлауынша, Джо Байден Вермонтта, Колумбияда, Мэрилендте, Массачусетс пен өзінің саяси мансабын бастаған туған жері Делаверде көп дауыс жинай алған.

Енді үміткерлер үшін жеңімпазды анықтайтын Сайлаушылар алқасының дауыстар нәтижесін күту маңызды. Мерзімінен бұрын дауыс беруге 100 миллионнан астам адам қатысып үлгерген.

Айта кетейік, биылғы жылы дауыс бергендер саны бойынша соңғы 100 жылдағы рекордтық көрсеткіш тіркелуі мүмкін.

Еске сала кетейік, АҚШ-та болашақ президентке дауыс беру 3 қарашада ресми түрде басталды. Мемлекет басшысы лауазымына республикалық партия атынан Дональд Трамп пен демократиялық партия атынан Джозеф Байден кандидат болып отыр.

Бүгін АҚШ-тың бірқатар штаттарында дауыстарды санаудың алғашқы нәтижелері жария болды. Оған сәйкес, қазіргі ел президенті Дональд Трамп көш бастаған.

Кейін Трамп әлеуметтік желіде алғашқы нәтижелерге қатысты пікір білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1882947-aks-prezidentin-sajlau-bajden-birnese-statta-ks-bastady/