Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

АҚШ-тағы сайлау: Нәтижені күткен қалың жұрт Ақ үйдің алдына жиналды (видео)

Опубликовано:

АҚШ
Скриншот: t.me/rianovostiAmerica

Ақ үйдің қоршауының жанына жиналған халық сайлау нәтижелері шыққанға дейін тарауға асықпауда. Өз үміткерлерін қолдауға келген тұрғындар қолдарына плакат алып, ұрандатуға көшкен деп жазады РИА Новости.

Басылымның жазуынша, Ақ үйдің алдына жиналғандар өзін сабырлы ұстауда. Олар тек ән айтып, билеп, кейде өз кандидаттарын қолдайтындықтарын білдіріп, ұрандатуды жөн санаған.

Тәртіп сақшылары жиналғандардың жанында оларды бақылаумен ғана тұр. Олар қалың жұртшылықтың әрекеттеріне араласып жатқан жоқ.

Көпшіліктің арасында әлдебіреулер "Трамп әрдайым өтірік айтады" деген плакат ұстаса, енді біреулері Дональд Трампты кетіруге шақырған үлкен плакат ұстап алған.

Ақ үйдің жанында қалың жұрттан бөлек, көптеген телеарна тілшілері де бар. Жиналғандар ешқандай агрессия танытпауда.

Еске салсақ, АҚШ-та болашақ президентке дауыс беру үшінші қараша күні ресми түрде басталды. Мемлекет басшысы лауазымына республикалық партия атынан Дональд Трамп пен демократиялық партия атынан Джозеф Байден кандидат болып отыр.

Одан бөлек, бүгін АҚШ-тың бірқатар штаттарында дауыстарды санаудың алғашқы нәтижелері жария болды. Оған сәйкес, қазіргі ел президенті Дональд Трамп көш бастаған.

Сонымен қатар АҚШ президенттігіне үміткер Джо Байден Флоридада дауысты алдын ала санау нәтижелері бойынша алға шыққан бегілі болды. Флоридадағы сайлау нәтижелері Дональд Трамп пен Джо Байден арасындағы бәсекенің қарқынды жүріп жатқанын аңғартады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1882956-aks-tagy-sajlau-ntizeni-ktken-kaly-zrt-ak-jdi-aldyna-zinaldy-video/

pixel