Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қытай Байденді АҚШ президенті болуымен құттықтады

Опубликовано:

Джо Байден
Джо Байден. Фото: Joe Raedle/Getty Images

Қытай АҚШ-тағы президент сайлауында жеңіске жеткен Джо Байден мен вице-президент болған Камала Харристі құттықтады. Бұл туралы Қытайдың сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ван Вэньбинь хабарлады деп жазады РИА Новости.

"Біз АҚШ-та өткен президенттік сайлауға елдің де, халықаралық қауымдастықтың да реакциясын бақылап отырмыз. Біз Америка халқының таңдауын құрметтейміз және Байден мырза мен Харрис ханымды құттықтаймыз", – деді дипломат.

Бұған дейін Байденді сайлаудағы жеңісімен Түркия көшбасшысы Режеп Тайып Ердоған, Армения президенті Армен Саркисян, Франция президенті Эммануэль Макрон, Германия канцлері Ангела Меркель, Сауд Арабиясының королі Салман ибн Абдул-Азиз Аль Сауд, Сербия президенті Александр Вучич пен Израиль президенті Реувен Ривлин, Абу-Даби тақ мұрагері Мұхаммед бин Зайд аль-Нахайян және Жапония премьер-министрі Ёсихидэ Суга құттықтаған еді.

Еске сала кетейік, өткен аптада АҚШ-та мемлекет басшысы мен вице-президентті, өкілдер палатасының барлық 435 мүшесін, сенаттың шамамен үштен бір бөлігін (35 сенатор), 11 штат пен екі аумақтың губернаторларын сонымен қатар кейбір штаттың заң шығарушы органдарын сайлау өтті.

Президент сайлауында демократтар атынан үміткер болған Джо Байден жеңіске жетті. Ол АҚШ-тың 46-шы президенті атанып отыр.

Байденді жеңісімен тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев пен мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та құттықтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1884591-kytaj-bajdendi-aks-prezidenti-bolyp-sajlanuymen-kttyktady/

pixel