Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қырғызстанда 24 адам президент сайлауына түсуге өтініш берген

Опубликовано:

Қызғызстандағы сайлау
Фото: Nazir Aliyev Tayfur/Anadolu Agency via Getty Images

Қырғызстан Орталық сайлау комиссиясына елдегі кезектен тыс президенттік сайлауға түсуге 25 адам өтініш бергенін, олардың біреуі өз өтінішін қайтарып алғанын хабарлады деп жазады Орталық Азияның жаңалықтар қызметі.

Орталық сайлау комиссиясының хабарлауынша, 12 қарашада Асланбек Малиев, Садык Шер-Нияз, Урустом Кабылбеков, Илгиз Товкеев, Бактыбек Калмаматов, Жамбыл Камчиев, Мыктыбек Арстанбек, Тактайым Уметалиева және Элеонора Турдубекова өтініш берген.

Мұның алдында Адахан Мадумаров, Арстанбек Абдылдаев, Кубан Чороев, Назарбек Нышанов, Бектур Асанов, Бакыт Бекетаев, Канатбек Исаев, Абыкаар Сыдыков, Сазыкбай Турдумалиев, Нурлан Мотуев, Рашид Тагаев, Женишбек Бакуттиев, Клара Сооронкулова, Аймен Касенов, Азамат Эсенбеков және Кубанычбек Кадыров ОСК-ға өтініш берген. Кейін Бакетаев арызын қайтарып алған екен.

Бұған дейін қырғыз премьер-министрі Садыр Жапаров президенттікке кандидат болатынын мәлімдеген еді. Алайда ол әзірге өтініш бермеген.

Еске салсақ, Жогорку кенеш депутаттары 22 қазанда үш оқылым өткізбей-ақ "Қырғызстан президенті мен Жогорку кенеш депутаттарын сайлау туралы" конституциялық заңға өзгеріс енгізген болатын. Осылайша елдегі парламент сайлауы кейінге шегерілген еді.

Айта кеткен жөн, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті. Қырғыз Республикасы президентінің міндетін атқарушы қазіргідей қиын кезеңде Қырғызстанға үнемі қолдау көрсетіп, көмек бергені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа және жалпы қазақ халқына алғыс айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1884631-kyrgyzstanda-24-adam-prezident-sajlauyna-tsuge-tinis-bergen/

pixel