Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде дәрігерлер жалақысы қашан өсетіні белгілі болды

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: pexels.com

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылға қарай елімізде дәрігерлердің жалақысы 2,5 есеге ұлғаятынын мәлімдеді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы ел президенті Nur Otan партиясының кезектен тыс XX съезінде айтты.

"Дәрігерлердің жалақысы 2023 жылға қарай 2,5 есе өседі. Басты мақсат – қазақстандықтардың орташа өмір сүру ұзақтығын 75 жылға дейін ұлғайту", – деді ол.

Қасым-Жомарт Тоқаев дені сау интеллектуалды ұлт қалыптастыру мемлекеттің басты басымдықтарының бірі екенін жеткізді. Оның сөзінше, жаңа жаһандық сын-қатерлерді ескеріп, білім, ғылым, денсаулық, мәдениет және спортқа жұмсалатын шығындар ұлғаяды.

Бұл еліміздің болашағына, адам капиталына құйылатын стратегиялық инвестициялар, дейді мемлекет басшысы.

Тоқаев денсаулық сақтауды қаржыландыру көлемі ЖІӨ-нің 5 пайызына төмен болмайтынын тілге тиек етті.

Сонымен қатар, мемлекет басшысы алда болуы мүмкін жаңа эпидемияларға дайын болу қажеттігі туралы ескертті.

Одан бөлек, Тоқаевтың айтуынша, өңірлік медицинаны дамыту үшін барлық облыста 20 заманауи медицина орталығы салынады. Аудандық ауруханалар мен перзентханалар, ауылдағы емдеу мекемелері қажетті жабдықтармен қамтамасыз етіледі.

Осыған дейін мемлекет басшысы арнаулы жәрдемақы кімдерге төленетінін айтқан болатын.

Еске сала кетсек, осыған дейін Нұр-Сұлтанда Елбасының қатысуымен Nur Otan партиясының съезі басталғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1886396-elimizde-drigerler-zalakysy-kasan-setini-belgili-boldy/

pixel