Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

АҚШ пен Ұлыбритания Қадыровтың айналасындағыларға санкция салды

Опубликовано:

Рамзан Қадыров1
Фото: Yelena Afonina\TASS via Getty Images

АҚШ пен Ұлыбритания адам құқығын бұзды деп айыптап, Шешенстан басшысы Рамазан Қадыровтың айналасындағы азаматтарға қарсы санкция салды.

АҚШ жасаған тізімге Шешенстан бойынша "Ресей гвардиясы" жетекшісінің орынбасары Даниил Мартынов, республиканың вице-премерьі Вахит Усмаев және Ресей азаматы Зияд Сабсаби кірген.

Америкалық қаржы министрлігінің айтуынша, бұл тұлғалардың барлығы Рамазан Қадыровпен байланысы бар адамдар деп жазады РИА Новости.

Сонымен бірге Шешенстан басшысына материалдық және техникалық көмек көрсеткені үшін Еуропадағы Қадыровтың өкілдері Тимур Дугазаев (Германия азаматы) пен БАӘ азаматы Сатиша Сиимараға қарсы санкциялар салынған.

Жаңа тізімде Қадыровтың өзі де бар. Ол "Кадыровцы" ұйымының көшбасшысы ретінде аталған. АҚШ оны "адам құқықтарын өрескел бұзуға", оның ішінде кісі өлтіруге қатысы бар деп айыптайды.

Сондай-ақ, АҚШ санкцияларына іліккендердің қатарында Ахмат Кадыров қоры, "Ахмат" футбол клубы, "Ахмат абсолютті чемпионаты", "Ахмат MMA" клубы, "Шешен минералды суы" және "Мегастройинвес" бар.

Бұл адамдардың мүлкі мен қаржысы АҚШ-та бұғатталады, ал Америка азаматтарына олармен бизнес жасауға тыйым салынады.

Еске сала кетсек, бұған дейін АҚШ Рамзан Қадыров пен бірге оның жұбайы және екі қызын қара тізімге енгізген болатын. Олардың арасында Айшат та бар.

Ал Қадыров Біріккен Ұлттар Ұйымын АҚШ билігін жазалауға шақырған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1888902-aks-pen-lybritania-kadyrovty-ajnalasyndagylarga-sankcia-saldy/

pixel