Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады: Тоқаев Индонезия президентіне көңіл айтты

Опубликовано:

Мемлекет басшысы
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Индонезия президенті Джоко Видодоға көңіл айту жеделхатын жолдады деп хабарлайды Ақорда.

Қазақстан президенті Sriwijaya Air ұшағының апатынан қаза болғандарға байланысты Индонезия басшысы Джоко Видодаға Қазақстан халқының және өз атынан көңіл айту жеделхатын жолдады.

"Жантүршігерлік апатта жақындарынан айрылған отбасылардың ауыр қайғысына ортақпын. Жаратушы олардың қайғыларын жеңілдетіп, қазаға ұшырағандардың жанын өзінің мейірімімен жарылқасын", – делінген жеделхатта.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Sriwijaya Air әуе компаниясының Boeing 737-500 ұшағы Джакарта әуежайынан ұшып шыға салысымен теңізге құлағаны жарияланды.

SJ182 рейсімен байланыс UTC уақыты бойынша сағат 7:40-та (Астана уақытымен 13:40-та) үзілген. Ұшақ Джакарта әуежайынан ұшып шыға салысымен 4 минуттан соң радардан жоғалып кеткен. 

Джакартадан Понтианакқа бағыт алып шыққан әуе кемесінің бортында 59 адам болған, оның алтауы – бала. 

Индонезия Көлік министрлігі апатқа ұшыраған Boing 737-500 (Flight SJ182) ұшағындағы жолаушылардың барлығы қаза тапқанын хабарлады.

Қазіргі уақытта оқиғаның бірнеше нұсқасы қарастырылуда: борттағы жарылыс пен басқару жүйелерінің істен шығуы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1892950-tokaev-indonezia-prezidentine-kil-ajtty/

pixel