jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    "Өкінішім бар": Марқұм ұлы жайлы айтқан Джо Байден көз жасына ерік берді

    Джо Байден
    Видеодан кадр: Youtube/Joe Biden

    АҚШ-тың жаңа сайланған президенті Джо Байден Вашингтонға кетер алдында Делавэр штатындағы туған қаласы Уилмингтонда сөз сөйледі.

    Байден қоштасу сөздерін айтып, эмоцияға ерік берді. Ол алдымен жанұясына, команда мүшелері мен достарына алғыс білдіріп, артынша көзіне жас алды.

    Іс-шара Байденнің марқұм ұлының есімімен аталған Ұлттық гвардия орталығында өтті.

    "Бұл мен үшін эмоцияға толы сәт. Біз мансап жолында жақсы уақытты да, қолайсыз кезеңді де бірге өткердік. Сондықтан, барлығы үшін алғыс білдіргім келеді", - дейді демократ.

    "Мен қайтыс болғанда Делавэр жүрегімде қалады. Ол бәріміздің, барлық Байденнің жүрегіңде қалады", - деп қосты ол.

    Сөз соңында Байден марқұм ұлы Бо жайлы айтып, көз жасын тоқтата алмады.

    "Тек бір ғана өкінішім бар. Ұлым осы жерде жоқ", - дейді ол.

    Айта кетейік, АҚШ президенті Дональд Трамп мемлекет басшысы қызметіндегі соңғы жолдауын жариялады.

    Бүгін, 20 қаңтарда ол қызметінен кетіп, орнына жаңадан сайланған президент Джо Байден келеді.

    Трамптың айтуынша, президент болып тағайындалғанда оған және оның әкімшілігіне елдің рухын қалпына келтіру, сондай-ақ биліктің халық алдындағы жауапкершілік қағидасын жандандыру мақсаты қойылған болатын.

    Трамптың сөзінше, мақсаттар орындалып қана қоймай, одан да көп нәрсе жасалған. Ол осы жетістіктерімен мақтанатынын айтты.

    "Өкінішім бар": Марқұм ұлы жайлы айтқан Джо Байден көз жасына ерік берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.