Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев ертең үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізеді

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ертең үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізеді. Бұл туралы президенттің баспсөз хатшысы Берік Уәли өз Facebook парақшасында жазды.

"Ертең, яғни 26 қаңтарда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен үкіметтің кеңейтілген құрамдағы отырысы өтеді. Онлайн форматта өтетін жиында елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының 2020 жылғы қорытындылары мен алдағы жоспары талқыланбақ", - деп жазады ол.

Бұқаралық ақпарат құралдарының аккредитациядан өткен өкілдері аталған іс-шараны "Қазмедиа орталығынан" дер кезінде таратуға мүмкіндік алады.

Еске сала кетейік, 18 қаңтарда президенттің өкімімен үкіметтің жаңа құрамы бекітілді. Екі министрден басқасының барлығы бұрынғы орнын сақтап қалды.

Жаңа тағайындалған министрлердің бірі - Серік Шәпкенов. Енді ол Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігін, ал жаңадан тағайындалған тағы бір басшы Әсет Ерғалиев Ұлттық экономика министрлігін басқарады.

Сонымен қатар президент үкімет басшысы қызметіне қайта Асқар Маминнің тағайындалуына қатысты пікір білдірген еді.

Мемлекет басшысының айтуынша, Асқар Мамин білікті әрі тәжірибелі, еңбекқор, талапшыл және парасатты мемлекеттік қызметші.

"Ол алдымызда тұрған мақсат-міндеттерді жақсы түсінеді. Оның үкіметтегі нәтижелі жұмысы – соның айқын дәлелі", – дейді президент.

Айта кетейік, президент өкімімен 8 министрліктің жауапты хатшысы қызметінен босатылған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1895471-tokaev-erte-kimetti-keejtilgen-otyrysyn-tkizedi/

pixel