Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Семей ханымы - 2019" атанған Диана Шаяхметова әкімдікте бөлім басшысы болды

Опубликовано:

Диана Шаяхметова
Диана Шаяхметова. Фото: Семей әкімдігінің сайты

Сұлулық байқауының жеңімпазы, "Семей ханымы - 2019" атанған Диана Шаяхметова Семей қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы болды. Бұл туралы Arnapress.kz хабарлайды.

Басылым жазғандай, Шаяхметова қызметіне 25 қаңтардан бастап кіріскен. Ол бұл қызметте Амантай Өтелбаевты алмастырған.

Бұған дейін Диана Шаяхметова бөлім басшысының орынбасары қызметін атқарған.

Ол 34 жаста. Төрт баланың анасы.

Басылым тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жүйесінде 35 жыл жұмыс істеген 61 жастағы Амантай Өтелбаевтың қызметінен босатылу себептері туралы ресми ақпарат жоқ деп жазды.

Еске салсақ, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтің өкімімен Семей қаласының жаңа әкімі тағайындалған болатын.

Шаһарды енді Ұлан ауданының әкімі болған Нұрымбет Сақтағанов басқарады. Жаңа әкімді активке Даниал Ахметов таныстырды. Айта кеткен жөн, ол жеті бала тәрбиелеп отырған көпбалалы әке.

Сонымен қатар Атырау облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды. Бұл қызметке өңірдің ауыл шаруашылығы басқармасын басқарған Қайрат Нұрлыбаев келді.

Сонымен бірге әнші Досымжан Таңатаров та жаңа қызметке тағайындалды. Өнер иесі Жастар театры директорының шығармашылық құрам жөніндегі орынбасары болды.

Әнші желіде жұмысына кіріскенін жазды.

Айта кетейік, бұған дейін Досымжан Таңатаров президент оркестрінде 20 жыл қызмет етіп, майор шенімен зейнетке шыққанын хабарлаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1895845-semej-hanymy---2019-atangan-diana-saahmetova-kimdikte-blim-bassysy-boldy/