Эстонияда алғаш рет әйел адам премьер-министр болды
Жарияланған күні:
Эстония үкіметін енді Реформа партиясының төрайымы, 43 жастағы Кая Каллас басқарады. Ол ел тарихындағы алғашқы әйел премьер-министр атанып отыр деп жазады dw.com.
26 қаңтарда, Таплинде Эстонияның жаңа үкіметі ант қабылдады.
Кая Каллас басқаратын жаңа министрлердің құрамында жеті әйел бар.
Калластың сөзінше, коронавирус пандемиясынан туындаған экономикалық дағдарыстың салдарын жою жұмысындағы басым бағыттардың бірі.
Айта кетейік, Эстония президенті Керсти Кальюлайд 13 қаңтарда сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деп айыпталған бұрынғы премьер-министр Юри Ратастың отставкасынан кейін Кая Калласқа жаңа министрлер кабинетін құруды ұсынған.
Кая Каллас - либералдар альянсы мен Еуропа бойынша демократтар кірген бұрынғы еуропалық парламент депутаты. Ол Реформа партиясын құрушылардың бірі, экс-премьер-министр және Еурокомиссия мүшесі Сийм Калластың қызы.
Еске сала кетсек, бұған дейін алғаш рет АҚШ Қаржы министрлігін әйел адам басқарғанын жазған едік.
Министр Джанет Йелленге президент Джо Байденнің 1,9 триллион долларлық жоспарын Конгресс арқылы басқарып, оның орындалуын қадағалау тапсырылған.
Сонымен қатар АҚШ-та Әсел Төленова есімді қазақ қызы басшылық қызметке тағайындалған хабарлаған болатынбыз.
Әсел бастапқыда АҚШ президентінің хаттама депатарментіне жұмысқа орналасады.
Ол ел президенті Барак Обама болып тұрған тұста (2014 жылы) депратмент басшысының орынбасары болған еді.
Енді Әсел АҚШ хаттама басшысының міндетін атқарушы.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1895856-estoniada-algas-ret-jel-adam-premer-ministr-boldy/