Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлттық экономика вице-министрі тағайындалды

Опубликовано:

Әлішер Әбдіқадыров
Әлішер Әбдіқадыров: Премьер-министрдің ресми сайты

Қазақстан үкіметінің қаулысымен Әлішер Елісұлы Әбдіқадыров Ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды деп хабарлайды премьер-министрдің ресми сайты.

Әлішер Әбдіқадыров 1986 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін «экономика» мамандығы бойынша тәмамдаған.

2009-2015 жылдары ҚР индустрия және сауда, инвестициялар және даму министрліктерінде жұмыс істеді.

2015-2016 жылдары Павлодар облысының Индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы қызметін атқарды.

2016-2018 жылдары Астана қаласының Инвестициялар және даму басқармасының басшысы болды.

2018-2019 жылдары — Астана қаласы Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы.

2019-2020 жылдары — «Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ («Қазақстандық индустрияны дамыту институты») басқарма төрағасы.

2020 жылдың ақпан айынан бастап қазіргі таңға дейін Қарағанды облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Еске сала кетсек, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Қазақстанның бірқатар елдегі төтенше және өкілетті елшілері тағайындалғанын жазған едік.

Одан бөлек, Руслан Дәленов Еуразиялық даму банкі басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалған болатын. Айта кетек, Дәленов 2019 жылдан бастап 2021 жылдың қаңтарына дейін Қазақстанның ұлттық экономика министрі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1898768-lttyk-ekonomika-vice-ministri-tagajyndaldy/

pixel