RU

Елбасы Шөмішбай Сариевтің жақындарына көңіл айтты

елбасы
Нұрсұлтан Назарбаев. Фото мұрағаттан: elbasy.kz

Еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев ақын Шөмішбай Сариевтің өмірден өтуіне байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

"Елбасы көрнекті ақын Шөмішбай Сариевтің қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады. Нұрсұлтан Назарбаев оның қазақ поэзиясының дамуына сүбелі үлес қосқанын атап өтіп, ақынның жарқын бейнесі мен өнегелі ғұмыры ел жадында әрдайым сақталатынына сенім білдірді", - делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, танымал ақын 75 жасқа қараған шағында дүниеден озды.

Шөмішбай Сариев 1946 жылы 15 сәуірде Қызылорда облысы, Арал ауданы, Шөміш стансасында дүниеге келген. Қамбаш орта мектебін аяқтаған соң, Қазалы аудандық "Ленин туы" және Арал аудандық "Толқын" газеттерінде қызмет атқарған. 1971 жылы ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітірген.

1970-1974 жылдары "Қазақстан" баспасында редактор, "Жұлдыз" журналында бөлім меңгерушісі, Қазақстан Республикасы ҰҒА-ның М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер болған.

1994 жылы "Жазушы" баспасынан таңдамалы өлеңдер томдығы, 1992 жылы "Сүйінші" деген атпен ән өлеңдері жеке жинақ боп басылып шыққан.

Ақын Фр.Кафка атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты (2003), "Тарлан" сыйлығының иегері (2004), Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1899059-elbasy-somisbai-sarievtin-zaqyndaryna-konil-aitty/