Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қырғызстанның экс-президенті Сооронбай Жээнбеков Бішкекке оралды

Опубликовано:

Сооронбай Жээнбеков
Сооронбай Жээнбеков. Фото: president.kg

Қырғызстанның бұрынғы президенті Сооронбай Жээнбеков еліне оралды. Бұл ақпаратты 15 ақпан күні Азаттық радиосы Қырғыз қызметінің дереккөздері растаған.

Ақпанның басында әлеуметтік желіде Сооронбай Жээнбеков шетелге "қашып кетті" деген қауесет тараған болатын.

2 ақпанда Жээнбековтің баспасөз хатшысы Толгонай Стамалиева бұл сыбысқа қатысты пікір білдіріп, экс-президенттің Сауд Арабия королінің шақыруымен Меккеге қажылыққа кеткенін, 10 күннен соң оралатынын мәлімдеген еді.

Сол күні Қырғызстан бас прокуратурасы ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитет пен ішкі істер министрлігінен Сооронбай Жээнбековті 2020 жылғы қазандағы оқиғаға байланысты жауапқа тартуды сұраған.

Ашық ақпаратқа қарағанда, мұндай шағымды "Қырғыз үміті" қозғалысы түсірген. Қозғалыс Жээнбековті парламент сайлауынан кейінгі митингіні жаншуға тапсырыс берді деп айыптап, экс-президент мәртебесінен айыруды талап еткен.

Азаттықтың хабарлауынша, Жээнбековтің Меккеге кеткені белгілі болған соң, "енді ол Қырғызстанға оралмайды деген" тағы бір қауесет тараған. Бірақ бұл қауесетті таратушылар оралмау себебі ретінде "Қырғыз үміті" қозғалысының шағымын емес, бұрынғы вице-премьер Дуйшенбек Зилалиевтің ісін атаған.

Қаңтардың соңында Жээнбековтің Зилалиев ісі бойынша куә ретінде сотқа шақырылғаны белгілі болған. Зилалиев 2018 жылы желтоқсанда "заңсыз байыды" деген күдікпен ұсталып, құзырлы органдар күдіктінің үйінен және банк жәшігінен ақша тәркілеген.

Зилалиевтің адвокаты Талайгул Токтакунованың айтуына қарағанда, тергеу кезінде экс-вице-премьер тәркіленген ақшаның Сооронбай Жээнбековтің сайлау науқанына арналғанын айтқан.

Президенттікке 2017 жылы келген Сооронбай Жээнбеков былтыр қазан айында парламент сайлауынан кейінгі саяси дағдарыс салдарынан отставкаға кеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1899069-qyrgyzstannyn-eks-prezidenti-sooronbai-zeenbekov-biskekke-oraldy/

pixel