Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өскеменде Менделеев пен Ивановтың құрметіне көше атауы берілмек

Опубликовано:

Қол қойып отырған ер адам
Көрнекі фото: pixabay.com

Шығыс Қазақстан облысының билігі Өскемендегі бірқатар көшенің атауын өзгертуге ниеттеніп отыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

ШҚО әкімдігі "Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының кейбір құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау туралы" қаулы жобасын дайындап, қоғамдық талқылау үшін "Ашық НҚА" порталында жариялады.

Құжатқа сәйкес, үкімет жанындағы республикалық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 3 ақпандағы қорытындысын ескере отырып, Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі мен ШҚО мәслихаты шешім қабылдады:

1. Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының кейбір құрамдас бөліктері:

20-шы тұрғын ауданындағы:

  • № 13 көшесіне – Анатолий Иванов көшесі (кеңес жазушысы, прозашы);
  • № 15 көшесіне – Қайым Мұхамедханов көшесі (кеңес жазушысы, абайтанушы) деген атау берілсін.

2. Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының кейбір құрамдас бөліктері:

  • Образцовая көшесі – Дмитрий Менделеев көшесі (ресейлік ғалым, химик);
  • Амурская көшесі – Қанипа Бітібаева көшесі (Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі) деп қайта аталсын.

Еске сала кетсек, Шымкент қаласының ең көне көшелерінің біріне Тоқаев есімі берілгенін жазған едік. Алайда бұл көше президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың әкесі Кемел Тоқаевқа емес, татар ақынының құрметіне берілгені анықталды.

Шымкент қаласы ішкі саясат басқармасының мәліметінше, бұл көшеге Кемел Тоқаевтың емес, татар әдебиетінің негізін қалаушы Ғабдолла Тоқайов есімі берілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1899259-oskemende-mendeleev-pen-ivanovtyn-qurmetine-kose-atauy-berilmek/

pixel