jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Азамат Қабетов
    Азамат Қабетов
    Бұрынғы қызметкер

    Трамп президенттік қызметінен кеткеннен кейінгі алғашқы сөзін сөйледі

    Дональд Трамп
    Дональд Трамп. Фото: Elijah Nouvelage/Bloomberg via Getty Images

    Дональд Трамп АҚШ президенттігінен кеткеннен кейін алғаш рет халық алдына шығып, сөз сөйледі. Бұл Орландодағы консервативті конференциясы кезінде болды деп хабарлайды Fox News.

    Трамп жақын тұрған шекара дағдарысынан бастап, сыртқы саясатқа дейінгі мәселелер бойынша сөз қозғап, Байденге наразылық білдірді.

    "Джо Байден заманауи тарихтағы барлық президенттердің ішіндегі ең апатты бірінші айды басынан өткерді",– деп Трамп жаңа әкімшілікті "жұмысшыға қарсы, жанұяға қарсы, шекараға қарсы, энергетикаға қарсы, әйелге қарсы және ғылымға қарсы" деп атады.

    Ол сонымен қатар Байденді мектептерді қайта ашпады деп айыптады, Байден бұған уәде бергенін айтты.

    "Джо Байден америкалық жастарға ұятсыздықпен сатқындық жасады және біздің балаларымызды еш себепсіз үйде қамап отыр", – деді Трамп.

    Трамптың сөзі алдында сауалнамасы өткізіліп, қатысушылардан бюллетеньдерден кімді көргісі келетіндігі туралы сұралды. Халық 2024 жылдағы сайлауға Трампты таңдады. Трамп 2024 жылғы сайлауға қатысатынын жарияламады, дегенмен ол 2020 жылғы сайлауда жеңіске жеткені туралы мәлімдемесіне байланысты "үшінші рет" демократтарды жеңу туралы ойлануы мүмкін екенін айтқан.

    Еске салсақ, Лос-Анджелесте мектептердің қайта ашылуын талап еткен ата-аналар ереуіл өткізген еді.

    Шараға тіпті оқушылардың өздері де қатысқан. Олар мектептердің қайта ашылуын талап еткен. Жиылған жұрт онлайн сабақтан шаршағанын айтты.

    Трамп президенттік қызметінен кеткеннен кейінгі алғашқы сөзін сөйледі

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.