jitsu gif branding logo appbranding logo app

Владимир Зеленский Саакашвилиді қызметінен босатты

Владимир Зеленский
Владимир Зеленский. Фото: Will Oliver/EPA/Bloomberg via Getty Images

Михаил Саакашвили украиналық үйлестіру кеңесінің құрамынан шығарылды. Украина президенті Владимир Зеленскийдің жарлығы ресми сайтында жарияланды. Құжат күшіне енген деп жазады Sputnik Қазақстан агенттігі.

Босаған орынға реформалар жөніндегі атқару комитетінің сарапшысы Георгий Цхакай келді.

Айта кетерлігі, 2013 жылы Михаил Саакашвили Грузиядан кетіп қалған. Сол кезде оған қатысты төрт қылмыстық іс қозғалған болатын. Оны сырттай соттап, қамауға алуға шешім шығарған.  

2015 жылы Саакашвили Украинаға келді. Петр Порошенко оны Одесса облысының губернаторы қызметіне тағайындады. Алайда бір жылдан кейін бұл қызметтен алып тастады. Ал 2017 жылы Украина азаматтығын қайтарып алды.  

2019 жылы 28 мамырда осы елдің жаңа президенті Владимир Зеленский Саакашвилиге қайтадан азаматтық беріп, реформалар жөніндегі ұлттық кеңестің атқарушы комитетінің басшылығына тағайындады.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін Владимир Зеленский Германия канцлері Ангела Меркельмен телефон арқылы сөйлесіп, коронавирус вакцинасын жеткізуге көмек сұраған еді.Украина басшысы елдің қазіргі уақытта COVAX халықаралық қоры аясында әзірленіп жатқан коронавирус вакцинасына қолжетімділігін кеңейту туралы өтініш білдірген.

"Біз Biontech неміс фирмасы мен америкалық Pfizer компаниясының коронавирусқа қарсы вакцинаны жасауда қол жеткізген жетістігін құптаймыз. Бұл өте жігерлендіретін жаңалық. Мен сізден коронавирусқа қарсы вакцинаны жеткізуді жоспарлау кезінде Украинаның мүдделерін ескеруге көмектесуіңізді сұраймын", – деген еді Владимир Зеленский.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.