Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Байден Путинмен тікелей эфирде келіссөз жүргізу туралы сауалға жауап бермеді

Опубликовано:

Джо Байден
Джо Байден. Фото: Frederick M. Brown/Getty Images

АҚШ президенті Джо Байден журналистердің Ресей басшысы Владимир Путинмен тікелей эфир өткізу туралы ұсынысын қабылдайсыз ба деген сауалын жауапсыз қалдырды деп хабарлайды РИА Новости.

Джо Байден коронавирусқа арналған баспасөз конференциясына қатысқан. Журналистердің бірі Байден Путинмен эфирге шығуға келісе ме деген сауалын жолдаған. Алайда америкалық көшбасшы БАҚ өкілінің сұрағына жауап қайтармапты. АҚШ президенті Камалла Хариспен бірге мінберден кетіп қалған.

Айта кетсек, бұған дейін Джо Байден Владимир Путинді "кісі өлтіруші" деп есептейтінін айтқан еді. Сондай-ақ Ақ үй Ресей президенті 2020 жылы АҚШ-та өткен президенттік сайлауға араласқаны үшін жауап беретінін мәлімдеді.

Бұл айыптауларға жауап берген Путин Байденге денсаулық тілеп, кім не айтса, өзі солай аталады деген болатын.

Еске сала кетсек, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Наурыз мерекесіне орай Америка Құрама Штаттарының президенті Джо Байденнің құттықтау жеделхаты келіп түскен еді.

"Биыл Қазақстан Республикасы өз Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтеді. Сізді осы атаулы оқиғамен құттықтай отырып, АҚШ Президентінің Әкімшілігі Өзіңізбен және Қазақстан халқымен етене жұмыс істеуге зор мән беретінін айтқым келеді.

Ұзақ жылдар бойы біз ядролық қаруды таратпау, бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту бағытындағы тығыз серіктесті қолдап келеміз", - делінген жеделхатта.

Наурыз мерекесі қарсаңында Джо Байден Қасым-Жомарт Тоқаевқа және Қазақстан халқына бейбітшілік пен құт-береке тіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1904112-baiden-putinmen-tikelei-efirde-kelissoz-zurgizu-turaly-saualga-zauap-bermedi/

pixel