RU

"Кейбірі мүлдем тексерілмейді": Президент мониторинг топтарының жұмысын сынады

Фото
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі тұрақты шектеулер мен бақылау топтарының жұмысы туралы айтты. Оның сөздерін Ақорданың баспасөз қызметі Twitter желісіндегі парақшасында жария етті.

"Шектеулер мен одан кейінгі рейдтер күтілген нәтижеге қол жеткізбей әлеуметтік шиеленіске себеп болып отыр. Мониторинг топтарының жұмысы кейде іріктеумен, ашық емес сипатқа ие болып, бір мекемелер үнемі тексерілсе, кейбірі мүлдем тексерілмейді", - деді мемлекет басшысы.

Осы орайда президент прокуратура жанында рейд кезіндегі заң бұзушылықтарға шағым жасауға болатын колл-орталықтар жұмыс істеуі тиістігін баса айтты.

"Үкімет жанындағы ведмоствоаралық комиссия әкімдермен бірге мониторинг топтарының жұмысын ретке келтіруі тиіс", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін мемлекет басшысының төрағалығымен еліміздегі коронавирус індетіне байланысты эпидемиологиялық ахуал жөніндегі кеңес өткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1905819-prezident-sekteuler-men-reidter-aleumettik-sielenisti-tudyryp-zatyr/