Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маңғыстау облысы мен Ақтау қаласының әкімдері ай сайын қанша жалақы алады

Опубликовано:

Серікбай Трұмов пен Нұрдәулет Қилыбай
Серікбай Трұмов пен Нұрдәулет Қилыбай. Фото: zakon.kz / tumba.kz

Маңғыстау облысы мен Ақтау қаласының әкімдігі басшылары Серікбай Трұмов пен Нұрдәулет Қилыбайдың жалақысы қанша екенін айтты деп хабарлайды Lada.kz.

Басылымның жазуынша, Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов 2020 жылы барлық төлемдерді ескере отырып, айына 780 116 теңге жалақы алған.

Ақтау әкімдігінің мәліметінше, қала басшысы Нұрдәулет Қилыбай 2020 жылы ай сайын 441 074 теңге алып отырған.

Ал Қилыбайдың қол астындағы қызметкерлер өткен жылы жетекшісінен көп айлық алған.

Мәселен, Ақтау әкімі аппаратының басшысы Атлас Төлегенова 2020 жылы айына 530 416 теңгеден алса, әкім орынбасары Серік Ғұсман 505 914 теңгеден алып отырған.

Еске сала кетсек, бұған дейін Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов өзінің жалақысы туралы ақпарат берген еді. Айтуынша, ай сайын 784 мың теңге көлемінде жалақы алады. Ал орынбасарларына орташа есеппен 520-540 мың теңге төленеді.

Айта кетейік, Қазақстанда биыл шілдеден бастап мемлекеттік қызметшілердің жалақысын 30 пайыздан 150 пайызға дейін көтеру жоспарланып отыр. Әсіресе, ауыл мен аудандарда жұмыс істейтін қызметкерлердің еңбекақысы айтарлықтай өспек.

Сонымен бірге білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов биыл қыркүйек айынан бастап ведомствоға тікелей бағынышты жоғары оқу орны оқытушыларының жалақысы 400 мың теңгеге дейін көбейетінін айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1906049-mangystau-oblysy-men-aqtau-qalasynyn-akimderi-ai-saiyn-qansa-zalaqy-alady/

pixel