Басы дауға қалған ШҚО мәдениет басқармасының басшысы қызметінен кетті
Жарияланған күні:
Шығыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасының басшысы Мирас Жұмағұлов қызметінен босатылды. Бұл туралы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ШҚО бойынша департаменті хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
ШҚО бойынша МҚІА департаментінің ұсынысынан кейін ШҚО мәдениет басқармасының басшысы жұмыстан шығарылған.
Мирас Жұмағұловты қызметінен босату туралы шешімді өңір әкімі Даниал Ахметов қабылдаған.
Тиісті қаулы 2021 жылдың 13 сәуірінде шыққан.
Еске сала кетсек, бұған дейін әлеуметтік желіде Мирас Жұмағұловтың тағы да теріс қылығымен көзге түскені жайлы ақпарат пайда болған еді.
Желідегі ақпаратқа сүйенсек, караокеде болған кезде Мирас Жұмағұлов бір бойжеткенмен тығыз байланыс орнатып, оның соңы үйге бірге қайтумен аяқталған. Бойжеткен үйге жеткен кезде кіруден бас тартыпты. Алайда шенеунік оған қолқа сала бастаған. Қыз полиция шақырмақ болғанда, Жұмағұлов оның телефонын тартып алған көрінеді.
Кейін оқиға орнына келген полиция қызметкерлері екеуіне де қатысты әкмішілік хаттама толтырған.
9 сәуір күні Мирас Жұмағұловқа қатысты әдеп кеңесінің отырысы өтті.
Кеңесте өңірлік мәдениет басқармасы басшысының қылығы қоғамдық резонанс тудырып, мемлекеттік қызметкерлердің беделін түсіргені айтылған.
Жиын барасында шенеунік кінәсін мойындап, оқиғаның расымен болғанын айтқан. Сондай-ақ ол осы әрекеті үшін әкімшілік айыппұл төлегенін хабарлаған.
Кеңес мүшелері бірауыздан Мирас Жұмағұловты мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтіргені үшін және теріс мінез-құлқы үшін қызметінен босату туралы шешім қабылдаған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1907892-basy-dauga-qalgan-sqo-madeniet-basqarmasynyn-bassysy-qyzmetinen-ketti/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.