Тоқаев Тәжікстанға барды (фото, видео)
Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның шақыруымен Душанбе қаласына екі күндік ресми сапармен келді. Бұл туралы Facebook-тегі парақшасында президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның шақыруы бойынша екі күндік ресми сапармен Душанбеге келді. Бұл – Қазақстан президентінің биылғы алғашқы шетелдік сапары.
Қазақстан президентін Душанбе халықаралық әуежайында Тәжікстанның президенті Эмомали Рахмон және басқа да ресми тұлғалар күтіп алды.
"Ертең түске дейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон шағын және кеңейтілген форматта келіссөздер жүргізеді деп жоспарланған. Келіссөздер қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты құжатқа қол қойылмақ. Сондай-ақ мемлекет басшылары БАҚ өкілдері үшін баспасөз мәслихатын өткізеді", – деп жазды президенттің баспасөз хатшысы.
Бұдан бөлек сапар бағдарламасына сәйкес, Қасым-Жомарт Тоқаев Исмоил Сомонидің ескерткішіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысады және Маджлиси намояндагон Маджлиси Оли төрағасымен және Тәжікстанның премьер-министрімен кездеседі.
Еске салсақ, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлескен болатын.
Жақын күндері Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомали Рахмонның шақыруымен Тәжікстанға ресми сапармен барады. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында хабарлаған еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1913373-toqaev-tazikstanga-bardy-foto-video/