Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда субұрқақта екі қызы мен анасын электр тоғы соқты: Сағынтаев пікір білдірді

Жарияланған күні:

Бақытжан Сағынтаев
Бақытжан Сағынтаев. Фото: Atameken Business Channel

Оңтүстік астананың әкімі Бақытжан Сағынтаев Алматы циркінің жанындағы субұрқақтағы жағдай туралы пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы мегаполис басшысы өзінің Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

"Цирктегі субұрқақта қыздар және біреуінің анасымен орын алған оқиға полицияның тергеуінде. Мұндай жағдай болмауы керек. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектеспін", - деді Бақытжан Сағынтаев.

Еске салайық, 19 маусымда қазақ мемлекеттік циркінің жанындағы субұрқақта екі кәмелетке толмаған қыз бен бір ересек адам электр тоғынан зардап шеккен болатын.

Бұл туралы Алматы қаласының тұрғыны Үкілай Бестай өзінің Facebook парақшасында жариялады. Ол оқыс жағдайға тап болып, тоққа түскен адамдарды бейтаныс жігіттің құтқарып қалғанын өз көзімен көрген.

"Абылай есімді жігіт өзін тоқ ұрғанына қарамастан, оларды кезек-кезек судан шығарып алды. Ал үшінші қызды басқа ересек адам құтқарып қалды, өйткені Абылай әйелді және қыз баланы субұрқақтан шығарып жатқанда, өзі де әлінен айырылған", - деп жазады әйел.

Бірінші қыз бірден есін жинап алды, ал екіншісін көгалға жатқызып, алғашқы көмек көрсеткенен кейін ол да есін жиды деп еске алады Үкілай Бестай. Ал "Эко Алматы" ЖШС хабарлауынша, кеше субұрқақ штаттық режимде жұмыс істеген.

Кейінірек дәрігерлер Алматыдағы субұрқақтардың бірінде электр тоғына түсіп, ажал құша жаздаған қыздар мен әйелдің жағдайы туралы айтып берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1918600-almatyda-suburqaqta-eki-qyzy-men-anasyn-elektr-togy-oltire-zazdady-sagyntaev-pikir-bildirdi/