Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ахуал мұқият бақылауда": Тоқаев Ауғанстандағы жағдайға байланысты жиын өткізді

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстандағы жағдайға байланысты күштік құрылымдардың басшыларымен жиын өткізді. Бұл туралы мемлекет басшысы өзінің Twitter парақшасында хабарлады.

"Ауғанстандағы жағдай бойынша күштік құрылымдардың басшыларымен жиын өткіздім. АИР-дағы азаматтарымыз бен дипломаттарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде тапсырма бердім. Қазақстан Ауғанстандағы жағдайдың ушығып бара жатқанына алаңдаушылық білдіреді. Ахуал мұқият бақылауда", - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.

Еске сала кетсек, Ауғанстаннан америкалық әскерилер шығарылғаннан кейін жағдай ушықты. Тиісті бұйрықты АҚШ президенті Джо Байден сәуір айының ортасында берген болатын.

Осыдан кейін тәліптер Ауғанстанның бірқатар аймағын басып алды. НАТО жасағы мен америкалық әскерилердің соңғысы шілденің басында елден кетті.

Бүгінде Ауғанстанда тәліптер күшейіп келеді. Әртүрлі деректерге сәйкес, олар Иран, Қытай, Пәкістан, Тәжікстан мен Түркіменстанмен шекараларас аймақтарды қоса алғанда, ел аумағының 90 пайызын өз бақылауына алған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1927255-axual-muqiyat-baqylauda-toqaev-auganstandagy-zagdaiga-bailanysty-ziyn-otkizdi/

pixel