Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Берік Уәли: Президент Ауғанстан босқындары туралы шешім қабылдаған жоқ

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook парақшасында президенттің Ауғанстан босқындары туралы шешім қабылдамағанын айтты.

"Президент Ауғанстан босқындары туралы шешім қабылдаған жоқ. Бұған қатысты тараған ақпарат негізсіз. Дүниежүзілік ұйым басшылығы ресми өтініш білдірген жағдайда БҰҰ қызметкерлеріне ғана көмек көрсетілетін болады", - деп жазды Берік Уәли.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі кеше Қазақстан ауған босқындарын қабылдауға дайындалып жатыр, тіпті осыған орай лагерь құрды деген ақпараттың жалған екенін айтқан болатын.

Одан бөлек, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Ауғанстаннан 70 мың босқынның келгені туралы хабарлама тарады. Олардың кейбіреулері Шымкентте орналастырылады делінген хабарламада. Алайда сыртқы істер министрлігі бұл ақпаратты ресми түрде жоққа шығарды.

Сонымен қатар, бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстандағы ахуалға байланысты тағы да жиын өткізді.

Жиында Ауғанстан Ислам Республикасындағы жағдайға байланысты Қазақстанның ұлттық мүддесін ескере отырып, шұғыл әрекет ету шаралары және біздің елдің азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1927434-berik-uali-prezident-auganstan-bosqyndary-turaly-sesim-qabyldagan-zoq/

pixel