Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БАҚ: Ашраф Гани Ауғанстаннан қашар кезде 169 млн доллар алып кеткен

Опубликовано:

Ашраф Гани
Фото: © Sputnik / Алексей Витвицкий

Ауғанстанның Тәжікстандағы елшісі Мухаммад Зокир Агбар елдің экс-президенті Ашраф Гани "Талибан" қозғалысы (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) билікке келгеннен кейін елден қашу кезінде 169 млн доллар ұрлап кеткенін айтты.

Вести.ru порталының жазуынша, елші экс-президенттің қашып кетуін "мемлекет пен ұлтқа жасалған сатқындық" деп атаған.

Одан бөлек, егер президент қайтыс болса немесе елден қашса, онда Ауғанстан Конституциясына сәйкес билік вице-премьерге беріледі.

Еске сала кетсек, 15 тамызда тәліптер Ауғанстан астанасы - Кабулды шабуыл жасамай-ақ бағындырған еді. Билікті бейбіт жолмен беру туралы келіссөздер басталды. Ел президенті Ашраф Гани өз өкілеттігін тоқтатып, мемлекеттен кетті.

Гани мұндай шешімді Кабулда "қантөгісті болдырмау" үшін қабылдағанын жазды. Айтуынша, "Талибан" өзін ел басшылығынан кетіру үшін осындай әрекетке баруға дайын болған.

Сондай-ақ Ашраф Ганидің Тәжікстанға да, Өзбекстанға да, Қазақстанға да келмегені белгілі болды.

Одан бөлек, Кабулдегі Ресей Федерациясының елшілігі Ауғанстанның бұрынғы президенті Ашраф Гани елден іші ақшаға толы көліктермен айтқан еді.

Айта кетейік, бұған дейін БАҚ Ауғанстанның экс-президенті Ашраф Гани жасырынуы мүмкін елді анықтады. Ашраф Гани Біріккен Араб Әмірлігінде болуы мүмкін.

Мұндай мәліметті Kabul News басылымы өзінің Twitter парақшасында жариялады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1927855-baq-asraf-gani-auganstannan-qasar-kezde-169-mln-dollar-alyp-ketken/

pixel