Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еліміздің төтенше жағдайлар министрі ресейлік әріптесінің қазасына байланысты көңіл айтты

Опубликовано:

Юрий Ильин
Юрий Ильин. Фото: primeminister.kz

Еліміздің төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Ресей Федерациясының Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлар және дүлей зілзалалардың салдарын жою істері министрінің қаза болуына байланысты көңіл айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Ресей Федерациясының Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлар және дүлей зілзалалардың салдарын жою істері министрі, армия генералы Евгений Николаевич Зиничевтің мегілзсіз қаза болуына байланысты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің және жеке өз атымнан қайғыра көңіл айтамын.

Евгений Николаевичтің қызметтік борышын орындау кезінде ерлікпен қаза тапқаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдадық.

Ол көреген басшы, беделді саясаткер және біздің ведомстволарымыз арасындағы екі жақты қатынастарды орнатуға және дамытуға ерекше үлес қосқан тұлға болып мәңгі есімізде қалады.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің және жеке өз атымнан Евгений Николаевичтің отбасы мен туыстарына, сондай-ақ Ресей Федерациясы Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлар және дүлей зілзалалардың салдарын жою істері министрлігінің барлық қызметкерлеріне көңіл айтамын", - делінген жеделхатта.

Еске сала кетсек, ведомствоаралық оқу-жаттығуда болған Евгенй Зиничев қызметтік борышын орындау кезінде адам өмірін құтқарамын деп көз жұмғанын жазған едік.

Кейін "Россия сегодня" және RT ақпараттық агенттігінің бас редакторы Маргарита Симоньян министрдің өліміне қатысты оқиғаның мән-жайын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1931097-elimizdin-tzm-bassysy-yurii-ilin-reseilik-ariptesinin-qazasyna-bailanysty-konil-aitty/

pixel