Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресейдің төтенше жағдайлар министрі Евгений Зиничевтің өліміне қатысты жаңа дерек шықты

Опубликовано:

1
Евгений Зиничев. Фото: pravdaurfo.ru

"Россия сегодня" және RT ақпараттық агенттігінің бас редакторы Маргарита Симоньян Telegram парақшасында Ресейдің төтенше жағдайлар министрі Евгений Зиничевтің өліміне қатысты оқиғаның мән-жайын айтты.

"Ол оператормен бірге құзда тұрған. Оператор тайып, суға құлап кетті. Куәгерлер көп болғанымен, Зиничевтің құлаған адамның артынан секіріп, тасқа соғылғанын ешкім түсініп те үлгермеді. Ол құтқарушы ретінде көз жұмды. Жатқан жері жайлы болсын", - дейді Маргарита Симоньян.

Зиничев құтқармақ болған оператор да қайтыс болды.

Еске салайық, бұған дейін Евгений Зиничевтің қызметтік борышын орындау кезінде көз жұмғанын хабарлаған едік.

Ол 1966 жылы 18 тамызда Ленинградта дүниеге келген. Санкт-Петербург бизнес және құқық институтының экономика, қаржы және несие факультетін бітірген. 1984-1986 жылдары КСРО Қарулы күштері қатарында Солтүстік флотта мерзімді әскери борышын өтеген.

1987-2015 жылдары мемлекеттік қауіпсіздік органдарында жұмыс істеген. 2013 жылы Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Бас штабының Әскери академиясында кәсіби қайта даярлаудан өткен.

Ал Ресейдің төтенше жағдайлар министрлігін 2018 жылдың мамыр айынан бастап басқарған. Зиничев Қауіпсіздік кеңесінің құрамына да кірген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1931092-reseidin-totense-zagdailar-ministri-evgenii-zinicevtin-olimine-qatysty-tyn-derek-syqty/

pixel