Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев: Бізде әлі күнге дейін моноқалаларды өркендетуге нақты ұстаным жоқ

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Екібастұз қаласында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен моноқалаларды дамыту мәселелері жөніндегі кеңес басталды.

Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жазды.

"Қазақстанда 89 қала бар. Соның 27-сі немесе 30 пайызы - моноқалалар. Онда 1 миллион 400 мың адам тұрады. Бұл - халқымыздың 8 пайызы. Қазір моноқалалар экономикамызды дамытуға едәуір үлес қосып отыр. Олар өндірістік өнеркәсіп өнімдерінің 40 пайызға жуығын өндіреді", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысының айтуынша, моноқалалардың экономикасын әртараптандыру айрықша маңызды.

"Басқа да салаларды дамытып, жаңа жұмыс орындарын ашу - аса өзекті мәселе. Бізде әлі күнге дейін моноқалаларды өркендетуге қатысты нақты ұстаным мен ортақ пікір жоқ", - деді президент.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1940540-toqaev-bizde-ali-kunge-deiin-monoqalalardy-orkendetuge-naqty-ustanym-zoq/

pixel