Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау облысының әкімі Досмұхамбетов өзі алатын жалақы мөлшерін жария етті

Опубликовано:

Махамбет Досмұхамбетов
Махамбет Досмұхамбетов: facebook.com/m.dosmukhambetov.online

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов жалақысының мөлшерін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Брифинг барысында БАҚ өкілдері Атырау облысы басшысының айына қанша алатынын сұрады. Бұған жауап ретінде Досмұхамбетов облыс басшыларының жалақысы көтерілгенін еске салды.

"Менің жалақым – 1 миллион 954 мың теңге", – дейді ол.

Еске салсақ, бұған дейін Ақтау қаласы әкімінің жалақы мөлшері белгілі болды. Әкімдік ұсынған ақпаратқа сәйкес, Нұрдәулет Қилыбайдың айлық жалақысы 783 мың 503 теңгені құрайды.

Айта кеткен жөн, бұған дейін Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің жалақысы қанша екенін хабарлаған едік.

Шенеунік айына шамамен 1 миллион 900 мың теңге (4 400 доллар) алады.

Өмірзақ Шөкеев Түркістан облысының әкімі болып 2019 жылдың 26 ​​ақпанында тағайындалған. Әр жылдары ол экономика, ауыл шаруашылығы министрі, премьер-министрдің орынбасары болып, Қостанай, Оңтүстік Қазақстан облыстары мен елорданы басқарған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1943070-atyrau-oblysynyn-akimi-zalaqysynyn-molserin-aitty/

pixel