Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтың жалақысы қанша

Опубликовано:

Нұрлан Ноғаев
Нұрлан Ноғаев. Фото: Атырау облысы ӨКҚ

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі аймақ басшысы Нұрлан Ноғаевтың қанша айлық алатынын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Әкімдердің жалақысы үкіметтің "Мемлекеттік саяси қызметшілердің еңбекақысын есептеу туралы" қаулысына сәйкес есептеледі. 22 жылдық еңбек өтілін ескере отырып, Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев айына 1 миллион 977 мың 890 теңге алады", – дейді облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Еске салсақ, бұған дейін Ақтау қаласының әкімі айына қанша жалақы алатыны белгілі болған еді. Әкімдік ұсынған ақпаратқа сәйкес, Нұрдәулет Қилыбайдың айлық жалақысы 783 мың 503 теңгені құрайды.

Одан бөлек, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің жалақысы қанша екенін хабарлаған едік.

Шенеунік айына шамамен 1 миллион 900 мың теңге алады.

Сонымен қатар, Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова мен Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов те жалақы мөлшерін жария еткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1943362-mangystau-oblysynyn-akimi-nurlan-nogaev-qansa-zalaqy-alady/

pixel