Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев рақымшылық жасау туралы заңға қол қойды

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздіктің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы заңға қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.

"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген хабарламада.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Еске сала кетсек, бұған дейін сенат депутаттары "Қазақстан Республикасының 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы" заң жобасын қабылдаған болатын.

Сенатта ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев рақымшылыққа қанша адамның ілінетінін айтқан еді.

"Қазіргі уақытта 80 қылмыстық-түзеу жүйесі мекемесінде 34 мыңнан астам адам отыр. Олардың 93 пайызы ауыр және аса ауыр қылмыс жасағаны үшін жазасын өтеуде, 45 пайызға жуығы бұрын да қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Одан бөлек, 32 мыңдай адам пробациялық қызметте есепте тұр.

Алдын ала есеп бойынша рақымшылыққа 14 мыңнан астам адам ілінеді. Ал түзеу мекемелерінен 1 мыңдай адам шығады, 3,8 мың адам пробациялық қызмет есебінен алынады", - деді министр.

Сондай-ақ 9 мың сотталушының жаза өтеу мерзімі қысқарады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1945742-toqaev-raqymsylyq-zasau-turaly-zanga-qol-qoidy/

pixel